Оқу ордамызға Respublica партиясы атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков арнайылап келіп, колледжде қолға алынған жұмыстармен танысып, студент және қызметкерлермен жүздесті. Мәжілісмен, кәсіптік білімді меңгерген жастар ертеңгі күн жұмыссыз қалмауы үшін заңнамалық тұрғыдан өзгерістерге мұрындық болатынын жеткізді. Сондай-ақ, түлектердің кәсіппен айналысуына барынша қолдау шараларын қаперден шығармай, заңдық тетіктерін түзеуге атсалысатынын айтты. Өз кезегінде колледж басшысы Ләззат Мұратқызы биылғы президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» қолға алынған ауқымды реформалар жүйелі жүзеге асуы үшін бірлесе жұмыс істеуге әзір екендігін жеткізді. Кәсіптік білім беру мәселелерін үнемі биік мінберлерден көтеріп, шешілуіне себепкер болып жүрген Олжас Хайроллаұлына зор алғысымызды білдіреміз.