Президент пәрменімен “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жарияланған соң,
осы бастама аясында биыл, 2 қазанда, елімізде алғаш рет Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ресми түрде аталып өтілуде. Бұл күн – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ұстаздар мен өндірістік оқыту шеберлерінің, әдіскерлер мен инженерлік-педагогикалық құрамның қоғамдағы орнын мойындап, олардың еңбегіне құрмет білдіретін айтулы күн.
Аталған кәсіби мереке – еңбек адамына көрсетілген шынайы құрмет пен алғыс белгісі ғана емес, сонымен қатар, жұмысшы кадрлар даярлау ісінің маңызын арттыруға бағытталған шешуші қадам. Елдің экономикалық тұрақтылығы мен индустриялық-инновациялық дамуында техникалық және кәсіптік білім беру саласының алатын орны ерекше. Кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері — ел болашағына қажетті, білікті мамандарды даярлайтын тірек орталықтар. Бұл салада еңбек етіп жүрген барша әріптестеріміздің еңбегі зор, миссиясы маңызды. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз – еліміздің жарқын болашағына негіз қалайды.
Барша кәсіптік және техникалық білім беру саласының мамандарын осы кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, жетістіктеріңіз мол болсын!