Бұл орталық – ұлттық мәдениетті ұлықтап, студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бірегей алаң болмақ. Мұнда дәстүрлі қолөнер түрлері: кілем тоқу, кестелеу, зергерлік және декоративті-қолданбалы өнер бағыттары қамтылады.
Қазіргі таңда орталықтың ашылуына дайындық қызу жүргізілуде. Жиһаздар орнатылып, көрме сөрелері мен оқу-өндірістік аймақтар жабдықталып жатыр. Шеберлік сабақтарын жүргізетін арнайы мамандар мен ұстаздар да тартылуда.
Alasha Art – тек өнер үйрететін орта ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды сақтап, болашақ мамандардың бойына рухани тәрбие сіңіретін орталыққа айналатынына сенім мол.