«ҰСТАЗ» деген ұлы есімді абыроймен арқалап жүрген барша әріптестерімді мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі мереке аясында ұжымымыздағы бірқатар ұстаздарға басқарма басшысының атынан алғыс хаттар табысталды. Бұл – олардың білім беру саласындағы табанды еңбегі мен тынымсыз ізденісінің нақты бағасы. Мерекелік жиынның жалғасы ретінде студенттеріміз концерттік бағдарлама ұйымдастырған екен, көңілімізден шықты. Бұл шара жас өрендердің тек кәсіптік білімде ғана емес, өнер мен мәдениетте де жан-жақты дамып келе жатқанын көрсетті. Шығармашыл шәкірттеріміз ұстаздарына деген құрметтерін өнер арқылы жеткізіп, мерекеге ерекше сән мен көңіл-күй сыйлады. Біз үшін шәкірт жетістігінен артық бақыт та, марапат та жоқ. Ең үлкен қуаныш – студенттеріміздің өмірден өз орнын тауып, елге қызмет ететін азамат болып қалыптасуы. Барша әріптестеріме зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс пен шәкірттерінің шынайы құрметіне бөлене берулеріне тілектеспін!