Menu Close

Президент Жолдауы – жастар болашағының бағдары

Президент Жолдауы – жастар болашағының бағдары

Бүгін оқу ордамыздың басшысы 1-курс студенттерімен кездесу өткізді. Жиын барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары, оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің рөлі, жұмысшы мамандықтардың мәртебесі мен болашағы кеңінен сөз болды.

Кездесу еркін форматта өтіп, студенттер көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды. Болашақ мамандар ретінде олар елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге өз көзқарастарын білдіріп, білім мен біліктілікке қойылатын жаңа талаптар төңірегінде ой бөлісті.

Мұндай кездесулер студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға және Мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінуге ықпал етеді