Menu Close

«Біртұтас тәрбие»: білім мен ұлттық тәлім қоса беріледі

      Бүгін шаштараз мамандығының 2-курс студенттері және ата-аналарымен “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында кездесу өтті. Жиында жастардың еңбекқорлық, кәсіби біліктілік дағдыларын қалыптастыру үшін студент, ата-ана және педагог үштік одақ ынтымақтастығының берік болу керектігі айтылды. Сонда ғана осы бағыттағы жұмыс жүйеленіп, білім мен тәрбие түзеледі. Биыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жарияланғандықтан мемлекет кәсіптік маман иелеріне ерекше екпін түсіріп, қолдау көрсетіп отыр. Сол себепті, жұмысшы мамандар мәртебесі мен абыройына кір келтірмей, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген кәсіби білігі жоғары маман болу бүгінгі жастың алдына қойылып отырған бірден-бір міндет. Ата-аналар да өз кезегінде бұл іске бірлесе атсалысатындарын айтып, оқу ордамыздың ұстаздарына жылы лебіздерін білдірді.
#Біртұтас_тәрбие #Біртұтас _тәрбие_Астана #қауіпсіздік