Menu Close

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ

Президент жуырда жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне кеңінен енгізу қажеттігін ерекше атап өтті. Бұл бастама мұғалімдердің күнделікті жұмысын жеңілдетіп, оқу үдерісін автоматтандыруға, сондай-ақ әрбір студенттің қабілетіне қарай жеке оқыту бағдарламасын құруға мүмкіндік береді. Алайда бұл өзгерістерді тиімді іске асыру үшін әр маман иесі тек өз саласының кәсіби маманы ғана емес, сонымен қатар цифрлық сауатты, IT дағдыларын меңгерген және жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін іс жүзінде пайдалана алатын әмбебап тұлға болуы қажет. Осы орайда біздің білім ордамыз студенттерді еңбек нарығының заманауи талаптарына сай даярлауға, яғни теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, цифрлық сауаттылығы жоғары, бейімделгіш әрі бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға басымдық береді. Болашақ – технологияны тиімді меңгеріп, адами құндылықтарды бойына сіңірген мамандардың қолында.