Бүгін колледжде көрісу күні мерекесі өтті. Бұл күн – қазақтың ұлттық дәстүрлерін жаңғыртып, студенттер мен ұстаздар арасында достық пен бірлікті нығайтуға арналған ерекше күн. Көрісу күні — көктемнің басы, жаңа бастамалар мен жақсылықтың уақыты. Мереке барысында студенттер мен оқытушылар бір-бірімен амандасып, игі тілектерін білдіріп, қуанышты көңіл-күйде болды.
Бұл күні барлығы бір-біріне жылы лебіздер білдіріп, әрбір адамның жүрегінде жақсы көңіл-күй мен ынтымақ сезімі қалыптасты. Көрісу күні тек ұлттық мереке ғана емес, сонымен қатар колледжіміздің студенттері мен ұстаздары арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың арта түскенін көрсететін ерекше оқиға болды