Menu Close

ЕЛОРДАДА 3000-ҒА ЖУЫҚ СТУДЕНТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Астанада “АМАNАТ” партиясының “Әйелдер қанатының” Астана қалалық филиалының ықпалымен елордалық бірқатар колледждер мен ірі кәсіпорындар келісімге келіп, жұмысшы мамандықтар жылы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Атап айтсақ, “Астана политехникалық» жоғары колледжі”, “Технологиялық колледжі”, “Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі” мен “ЛС Групп”, “Paving Stone Company”, “Digital System Service”, “Бірыңғай Шоғырландыру Орталығы” “DAT KZ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылатын ірі кәсіпорындар ағымдағы жылы қоян қолтық бірге жұмыс істеуді көздеп отыр.
Қос тарап студенттерге екі жақты қолдау білдіру мақсатында алдымен студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастырып, артынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Партия мүшелері осы бастаманың арқасында жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі оңтайлы шешіледі деді.
“Жұмысшы мамандықтар” жылында “AMANAT” партияның ықпалымен атқарылып отырған бұл алғашқы ірі қадамдардың бірі. Алдағы уақытта партия жұмысын тоқтатпайды. Керсінше, жастарға қолдау білдіру мақсатында әр түрлі бастамаларды іске асыруды көздейміз дейді”- партияның хатшысы Шолпан Каринова.

Елімізде жұмыла көтеріліп осындай партиялардың қолдауымен жұмысшы мамандықтар жылы аясында жұмыссыздардың саны анағұрлым азайса,біраз мәселенің алдын алар едік.