Бүгін әлеуетті әлеуметтік серіктесіміздің бірі «Турандот» мейрамханалар желісінің шеф-повары Абдулла мырза «Аспаз» мамандығында оқитын студенттер мен өндірістік шеберлерге шеберлік сағатын өтті. Атап айтсақ, түрлі дәмдеуіш қосылған салаттар, соустар әзірлеудің қыр-сырын, ащы сорпалар жасаудың жолдарын көрсетті. Студенттер қытай асханасының алуан түрлі мәзірімен танысып, дайындалу құпиясына қанықты. Өндірістік тәжірибені мейрамхана базасынан өтуге ұсыныс білдірген студенттер көп болды. Мұндай әріптестік байланыстың берері мол. Әлеуметтік серіктес «Турандот» ұжымына алғысымызды айта отырып, алдағы уақытта да бірлесе атқарар шаруаларымыз көп боларына бек сенімдіміз.