Меню Закрыть

2024-2025 жылындағы тәрбие жоспары

Мақсаты:

       Кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті азамат және патриот ретінде студенті жеке тұлға ретінде қалыптастыру, дамыту, өзін-өзі дамытуды жүзеге асыру және әлеуметтендіру үшін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Міндеттері:

  1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті патриот пен азаматтың қалыптасуына ықпал ету; жеке тұлағаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру;жастардың құқықтық санасының өсуі, олардың жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністітеріне қарсы тұріға дайындығы.
  2. Адамның рухани-адамгершілік және этикалық қағидаттарын, оның адамгершілік қасиеттері мен қазақстандық қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлеріне сәйкес келетін көзқарастарын қалыптастыруға ықпал ету.
  3. Тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, Қазақстан Республикасының қазақ халқының, этностары мен этникалық топтарының ана тілі мен мәденетін құрметтеуге ықпал ету.
  4. Студенттің жеке басын қалыптастыруда олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыруда, тәрбиелеудеата-аналардың оларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
  5. Еңбек дағдыларын, жеке тұлғаның экономикалық тұрғыдан ойлауын және өзін-өзі кәсіби тұлға ретінде аңықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экологиялық мәдениетті дамыту, сондай-ақ жаңа идеяларды қабылдау және оларды күнделікті өмірде бысшылыққа алу мүмкіндігін қалыптастыру.
  6. Әр адамның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын, бастамашылдық мүмкіндіктерін дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыпстастыру, оның ақпарттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
  7. Колледжде көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, мінез-құлықтың жалпы мәдени дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және өмірдегі эстетикалық объектілерді қабылдауына, игеруге, бағалауға дайындығын дамыту.
  8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді қалыптастыру, физикалық және психологиялық тұрғыда денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды аңықтау үшін кеңістік құру.